Шығыста қар жауады: сәрсенбіде ел аумағында ауа райы қандай болады
Опубликовано:

"Қазгидромет" РМК 23 қараша сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Синопиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады,
Яғни кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), шығыста - қар жауады.
Республика бойынша тұман, көктайғақ, батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста желдің күшеюі, сондай-ақ шығыста және солтүстік-батыста бұрқасын күтіледі.
Метеорологтардың мәліметінше, одан бөлек бүгін Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында, Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Ал Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының оңтүстігінде қалың қар жаууы ықтимал.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998529-sygysta-qar-zauady-sarsenbide-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/