Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талғар мектебіне жарылғыш зат қойылғаны туралы полицияға хабарлама түсті

Опубликовано:

оқиға орны
Оқиға орнынан фото: Telegram/POLISIA.KZ

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Талғар қаласындағы мектептердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат пайда болды. Алматы облыстық полиция департаменті кезекші бөлімге мұндай хабарлама түскенін растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі

Оқиға орнынан видео Instagram-да жарияланды. Бейнежазбадан полиция қызметкерлерін, өрт сөндіру қызметінің арнайы көліктерін және мектеп айналасында жүрген адамдарды көруге болады.

"Талғардағы №3 орта мектептің оқушылары мен қызметкерлері эвакуацияланды. Ақпаратқа сәйкес, жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен. Оқу орнында орнатылған бомбаның бар-жоғы тексерілуде. 1421 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оқиға орнында саперлар жүр", - делінген бейнежазба сипаттамасында.

Бұл жайтқа қатысты облыстық білім басқармасы өкілдері пікір білдірді.

"Талғар ауданындағы №3 орта мектеп ғимаратына полиция бөлімінің кезекші бөліміне бомба қойылғаны туралы хабарлама түскендіктен мектеп эвакуацияланды. Қазіргі уақытта арнайы қызмет жұмыс істеп жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ Алматы облыстық полиция департаменті мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскенін растады.

"23 қараша сағат 14.45-те Кезекші бөлімге Талғар қаласы №3 орта мектебіне қойылған бомба туралы ақпарат келіп түскенін хабарлайды. Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері басқа уәкілетті органдармен бірлесіп 1000 оқушыны, 90 оқытушыны, 25 техникалық персоналды эвакуациялады.

Қазіргі уақытта саперлер ғимаратта жарылғыш заттардың бар-жоғын тексеру үшін арнайы операция жүргізуде", - дейді облыстық полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998641-talgar-mektebine-zarylgys-zat-qoiylgany-turaly-policiyaga-xabarlama-tusti-video/

pixel