Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда қызбен кездесу үшін полицей формасын киіп алған жүк тиеушіге айыппұл салынды

Опубликовано:

Полицей формасын сатып алған петропавлдық жігіт
Полиция формасымен ұсталған жігіт. Фото: T.me/POLICE_of_KZ

Петропавлда полиция сержантының формасын киіп, қаланы аралап жүрген жас жігіт ұсталды. Ол форманы интернеттен сатып алған, деп хабарлайды ІІМ-нің Polisia.kz Telegram-арнасы.

Полицияның хабарлауынша, учаскелік полиция инспекторына полиция сержанты шеніндегі форма киіп, көшеде жүрген жас жігіт күмәнді көрінген.

Кокарда, погондар – қарапайым адамдар үшін жас жігіт нағыз полицейге ұқсайды. Бірақ құжаттарын тексеру кезінде оның белгіленген үлгідегі қызметтік куәлігі жоқ болып шығады. Мән-жайды анықтау үшін 23 жастағы жігіт қалалық полицияға жеткізілген.

Петропалдық жігіттің жалған полицей құжаты
Жалған полицей құжаты. Фото: Т.me/POLICE_of_KZ

"Бұл жігіттің ішкі істер органдарына еш қатысы жоқ екені анықталды. Жүк тиеуші болып жұмыс істейді. Өзінің айтуынша, форманы хабарландырулар сайты арқылы бөлек-бөлек жинап келген. Көшеде арнайы киімді киіп жүруін бойжеткенмен кездесу кезінде жағымды әсер қалдырғысы келетіндігімен түсіндірді", – дейді полиция өкілдері.

Аталған факті бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 675-бабы бойынша материал жиналды. Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен қала тұрғынына 5 айлық есептік көрсеткіш (15 мың теңгеден асады) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998785-petropalda-qyzben-kezdesu-usin-policei-formasyn-kiip-algan-zuk-tieusi-zigitke-aiyppul-salyndy/

pixel