Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстаннан әлем елдеріне ұшақпен сапарлау арзандамақ

Опубликовано:

Ұшақ терезесінен қарап отырған бойжеткен
Ұшақ. Көрнекі фото: Рexels.com

Еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев шетел лоукостерін тарту арқылы елімізде әуе көлігіне билет құны арзандайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің сөзінше, қазір тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

"Бізде ұлттық оператор сегменті бар, сондай-ақ лоукостер сегменті ескерілген. Атап айтқанда, "ашық аспан" режимі аясында жолаушыларды тасымалдауға қатысты тиісті рұқсат тәсілдерін енгіземіз.

Мәселен, лоукостерлер бір елден ұшып келіп, біздің ел арқылы басқа мемлекетке сапарлай алады, яғни Еуропаға немесе Түркияға әуе көлігімен бару мүмкіндігі қамтылмақ.

Лоукостер болғандықтан, билет құны әлдеқайда арзан болады. Бұл қадамдарды келесі жылдан бастап іске асыру жоспарланып отыр", – дейді Қайрат Өскенбаев тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда министр еліміз арқылы транзитті әлемде танылған лоукостерлер жүзеге асыратынын нақтылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998789-qazaqstannan-alem-elderine-usaqpen-saparlau-arzandamaq/

pixel