Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"200 мың АҚШ долларын талап еткен": Астанада 4 ер адам Үндістан азаматын ұрлады деген күдікпен ұсталды

Опубликовано:

Күдіктіні ұстау сәті
Күдіктіні ұстау сәті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қарағандылық полицейлер Үндістан азаматын ұрлап әкетті деген күдікпен 4 Өзбекстан азаматын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық порталдың хабарлауынша, Қарағанды полициясына 27 жастағы Үндістан азаматы шағымданып, өзін белгісіз біреулер күштеп автокөлікке отырғызып, Астана қаласына алып кеткені туралы хабарлаған.

Медиа порталдың жазуынша, елордада шетел азаматын пәтерге апарып, күш қолданатындарын айтып, қорқытып, босату үшін 200 мың АҚШ долларын талап еткен.

Үндістан азаматынан шағымынан кейін Қарағанды облыстық полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген.

Оның барысында Астана қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен күдікті ретінде 26 мен 34 жас аралығындағы төрт Өзбекстан азаматы ұсталған.

Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдиннің айтуынша, қазіргі уақытта аталмыш фактіге қатысты адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру және бопсалау баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998794-200-myn-aqs-dollaryn-talap-etken-astanada-4-er-adam-undistan-azamatyn-urlady-degen-kudikpen-ustaldy/

pixel