Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық суретші қыз әйгілі Роналдудың портретін доппен салып шықты

Опубликовано:

Роналдудың суретін доппен салған суретші қыз
Роналдудың суретін доппен салған суретші қыз. Фото: Іnstagram.com/assolyaa

Instagram желісінде Ассоль лақап атымен белгілі суретші қыз әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналдуың портретін салған видеосын жария етті. Ол портретті саларда кәдімгі допты пайдаланған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Футбол жұлдызының портретін айнытпай салған суретшінің туындысына желі қолданушылары түрлі пікір жазуда.

Олардың бірі суретшінің жұмысын жоғары бағалап, ерекше тәсілмен салынған портретті Роналду сатып алу керек десе, енді бірі футболшы бұл жұмысты міндетті түрде көру керек деп оның аккаунтын белгілеуде.

Сурет салу процесі өте қарапайым: суретші допты түрлі түсті бояуға малып, жай ғана кенепке қарай тебеді. Бір кезде қақпашының рөліне еніп, допты қолына алып, құдды қылқаламмен сурет салғандай кенепті бояп шығады.

Айта кетейік, бүгін Криштиану Роналду бастаған Португалия құрамасы Катарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын өткізеді. Олар Гана құрамасымен алаңға шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998834-qazaqstandyq-suretsi-qyz-aigili-ronaldudyn-portretin-doppen-salyp-syqty-video/

pixel