Сенат төрағасының бұрынғы орынбасары өмірден озды

Опубликовано:

Қайрат Ищанов
Қайрат Ищанов. Фото: ТМД парламентаралық ассамблеясының ресми сайты

Атырауда парламент сенаты төрағасының бұрынғы орынбасары Қайрат Ищанов өмірден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылым мәліметінше, Қайрат Қыдырбайұлы 1950 жылы 28 қыркүйекте Атырау қаласында дүниеге келген. Қазақ политехника институтын инженер-механик мамандығымен бітірген.

Еңбек жолын 1968-1970 жылдары Қызыл балық кеңшарында балықшы, кеме механигі болып бастаған.

1986-1988 жылдары Құрманғазы атындағы кеңшардың басқарма төрағасы, 1988-1991 жылдары Октябрьдің 70 жылдығы, Қызыл балық кеңшарларының басқарма төрағасы, 1991-1994 жылдары Балықшы аудандық атқару комитетінің төрағасы, атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Балықшы аудандық әкімшілігінің басшысы лауазымын атқарды.

Ал 1994-1999 жылдары Жамбыл атындағы кеңшардың басқарма төрағасы, 1999-2000 жылдары Атырау облыстық мәслихатының хатшысы, 2000-2001 жылдары Атырау облысындағы Жамбыл атындағы өндірістік кооперативтің төрағасы, 2001-2005 жылдары Атырау облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2005-2007 жылдары Атырау облысы бойынша парламенттің III шақырылым депутаты, 2007-2012 жылдары парламент сенатының IV шақырылым депутаты, экономика, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (2007-2012); парламент сенаты төрағасының орынбасары (2011-2016) лауазымын атқарды. Сенаторлар кеңесінің мүшесі болған.

Құрмет (2005), Парасат (2011), ІІ дәрежелі Барыс (2022) ордендерімен, үш медальмен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998865-senat-toragasynyn-buryngy-orynbasary-omirden-ozdy/