Астанада қылмыс әлемінің "беделдісі" ұсталды (видео)

Опубликовано:

күдіктілерді ұстау сәті
Күдіктілерді ұстау сәті. Видеодан кадр: polisia.kz

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелері арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісін, топтың белсенді қатысушысын, сондай-ақ қылмыс әлемінің "беделдісін" ұстады, деп хабарлайды ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық медиапорталы.

Басылым мәліметінше, ұсталғандар биыл сәуір айында елордадағы түнгі клубтардың күзет қызметіне ықпал ету салаларын бөлісу үшін криминалдық жанжал бойынша күдіктеліп отыр. Соның салдарынан екі адам атыс қаруынан жарақат алған болатын.

Сонымен бірге фигуранттар аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған деген күдікке ілінген.

Ведомство ақпаратына сәйкес, күдіктілер қамқорлық көрсетуге және Ақмола облысының бизнесмендерінің арасындағы мүліктік дауды шешуге уәде берген. Төлем ретінде өңір аумағындағы сомасы 150 млн теңге екі үй мен екі коттеджді өз туысқандарының атына ресімдеуге көндірген.

"Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және олардың басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде", - деп жазады басылым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998866-astanada-qylmys-aleminin-bedeldisi-ustaldy-video/