Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нағыз батырлар": Ардақ Назаров екі жасар мүгедек қызды құтқарған өрт сөндірушіге алғысын жаудырды

Опубликовано:

Өрт сөндірушілер өртенген пәтер ішінде
Өрт сөндірушілер өртенген пәтер ішінде. Фото: Алматы қалалық ТЖД

Белгілі қазақстандық спортшы, ММА шебері Ардақ Назаров өзінің Instagram парақшасында Бостандық ауданының өрт сөндірушілеріне жазба арнап, олардың жедел іс-қимылдары туралы айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Нағыз батырлар осы жігіттер.

Қауіп-қатер қас пен көздің арасы екен достар!

Спорт залға кіріп бір сағаттай жаттығып шыққанымызша қасымыздағы пәтер өртеніп, біздің өрт сөндіруші батырларымыз толық отты өшіріп, екі жасар мүгедек баланы және бір жанұяны тұтас құтқарып алыпты.

Өрт шыққан пәтердегі азамматтар, ысқа тұншыққаннан ба, қалың ұйқыда жата берген.

Егер өрт сөндіруші батырларымыз келмесе, бүгін екі жанұя қайғыға батар ме еді?

Аллаға шүкір, олардың жарық күндері бар екен.

Екі жасар мүгедек баланы өрттен аман алып шыққан жігіт Алматы қаласы, Бостандық ауданының өрт сөндіруші маманы - Әділ Еркінұлы деген батырымыз.

Бастарын бәйгеге тіккен батыр жігіттердің еңбегі бағаланса екен.

Өйткені жақында Асқар есімді азаматымыз да (иманы жолдас болсын) осылай құтқару жұмысынан кейін бақилық болды емес пе?

Бұл азаматтар бір-бір жанұяның тірегі, асыраушылары, біз оларды қолдауымыз керек, еңбегін ескеруіміз қажет", - деп жазды Назаров.

Алматы қаласы ТЖД аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, 24 қарашада сағат 10:31-де өрт сөндіру бөлімшелері Бостандық ауданы Кекілбайұлы көшесі, 129/3 үй мекенжайына шұғыл жеткен.

Төрт қабатты үйдің үшінші қабатында орналасқан балкон отқа оранған. Өрт пәтердің бөлмесіне таралып үлгерген.

"Жоғарғы төртінші қабаттан жеткен улы қара түтін тұрғындарды эвакуациялау жолдарын бөгеп тастады. Қызыл жалынның жоғарғы қабаттағы пәтерге таралу қаупі туындады. Көршілердің ақпараты бойынша, кейбір пәтерлерде адамдар мен кішкентай бала қалып қалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Барлау жүргізу барысында МӨС-1 Өрт сөндіруші-құтқарушысы Әділ Дәуренқұлов қолда бар тыныс алу органдарын қорғаудың құралдарын пайдаланып, газ-түтіннен қорғау қызметінің құрамында бола отырып, қара түтінге толы төртінші қабаттағы пәтерден екі жасар қызды (19.02.2020 жылы туған) шығарды. Жедел жәрдем бригадасы қарап тексергеннен кейін бүлдіршін ата-анасына аман-есен табысталды. 20-ға жуық адам үйден шығып кеткен болатын. Өрт 16 минут ішінде, 10-53-те жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қабылданған жедел шаралдың арқасында өрттің жоғарғы қабаттағы пәтерлерге таралуына жол берілмеді", - делінген ТЖД хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998867-nagyz-batyrlar-ardaq-nazarov-eki-zasar-mugedek-qyzdy-qutqargan-ort-sondirusige-algysyn-zaudyrdy/

pixel