Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамандар Қазақстанда үй бағасының тағы да қымбаттайтынын болжап отыр

Жарияланған күні:

Баспана сатып алу
Тұрғын үй макеті. Көрнекі фото: pixabay.com

Келер жылы елімізде тұрғын үй құрылысы 40 пайызға азаюы мүмкін. Сәйкесінше, мамандар үй қымбаттайтынын болжауда. Қазірдің өзінде баспана бағасы мәз емес. Әсіресе мегаполистер мен облыс орталықтарында пәтер құны аспандап тұр, деп хабарлайды Астана арнасы.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл басында жаңадан салынған тұрғын үйдің 1 шаршы метрі орта есеппен 386 мың теңге болса, қазан айында 430 мыңға көтерілген.

Қызылордада жаңадан салынған үйдегі пәтердің 1 шаршы метрі - 185 509 теңге. Ал алып-сату бағасы - 277 мың теңге. Бұл еліміз бойынша төмен баға болып есептелгенімен, жыл басынан бері аймақта баспана бағасының өскендігі байқалады.

Айдостың осы салада жүргеніне 4 жыл болған. Содан бері жылжымайтын мүлік нарығында едәуір өзгерістер орын алғанын айтады. Соңғы уақытта көпқабатты үйлердің бағасы шарықтаған. Сондықтан сатып алушы да аз.

"2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы жылжымайтын мүліктің сатылымы өте төмен болып тұр. Себебі мүліктің бағасы жоғарылағанымен, халықтың әл-ауқаты жетіңкіремей жатыр. Мүліктің сапасы бағасына сәйкес келмей жатыр. Себебі Қызылорда қаласында жылжымайтын мүліктердің, пәтерлердің жылдары ескі", - дейді Айдос Мырзабай.

Шымкентте тек жаңа бой көтеріп жатқан тұрғын үй кешендеріндегі баспаналардың бағасы 15-20 пайызға өскен. Мамандардың айтуынша, бұл құрылыс материалдары құнының қымбаттауына байланысты. Пәтерлерді жалға беру ақысы да біршама көтерілген.

Телеарна мәліметінше, қазір бас қалада бір және екі бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие. Көбі мемлекеттік ипотекалық бағдарлама арқылы алады дейді тәуелсіз сарапшылар. Егер жаңа пәтерлер тұрғындар үшін қолжетімсіз болса, құрылыс компаниялары тығырыққа тіреледі.

Ә. Дүкембаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998871-mamandar-qazaqstanda-ui-bagasynyn-tagy-da-qymbattaitynyn-bolzap-otyr/