Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен тәулікте ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны арта түсті

Опубликовано:

індет11
Медқызметкер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте 139 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды. Сондай-ақ 6 адам КВИ пневмониясына шалдыққан. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі ресми сайты хабарлады.

Ведомствоның 25 қарашадағы мәліметі бойынша, 854 адам коронавирус инфекциясынан (–706+ және 148 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 122 пациент стационарда, 732 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 7 адамның жағдайы ауыр
  • 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін бірнеше айдан бері алғаш рет бір тәулікте 100-ден аса қазақстандықтан коронавирус анықталғанын хабарлаған едік. 23 қарашада Қазақстанда 116 адамның ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қытайда коронавирус жұқтыру дерегі бойынша жаңа антирекорд тіркелді. Соңғы тәулікте елде 31 мыңнан астам адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998900-otken-taulikte-el-boiynsa-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-arta-tusti/

pixel