Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында бала күтуші қыз үй иесінің неке жүзігін ұрлады деп күдіктелуде

Опубликовано:

Ұрланған алтын бұйымдар
Ұрланған алтын бұйымдар. Фото: kstnews.kz

Қостанай облысының Меңдіқара ауданында бала күтуші қыз үй иесінің бірнеше алтын әшекейін қолды қылды деп күдіктелуде. Ол ұрлаған әшекейлер арасында неке жүзігі де бар, деп хабарлайды Қостанай жаңалықтарына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Боровское ауылында болған оқиға желіде кеңінен таралды. 20 жастағы бала күтуші бойжеткен қыркүйектен бері жұмыс істеген.

Кейін үй иесінің алтындары ұрланып кетеді. Атап айтқанда, ол алтын сырға мен неке сақинасын және кішкентай қыз баланың сырғасын алды деп күдіктелуде.

Полиция қызметкерлері күдіктіні сол күні ұстаған. Аталған іс бойынша тергеу жүргізіліп, Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Басылым хабарлауынша, ұрланған бұйымдардың жалпы сомасы 85 мың теңгені құрайды. Бүгінде алтын бұйымдар иесіне қайтарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998902-qostanai-oblysynda-bala-kutusi-qyz-ui-iesinin-neke-zuzigin-urlady-dep-kudiktelude/

pixel