Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Журналиске қастандық жасамақ болған": Түркістан облысында экс-шенеунік 11 жылға сотталды

Опубликовано:

қару ұстаған адам
Қару ұстаған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы білім бөлімінің бұрынғы басшысы 11 жылға сотталды. Ол жергілікті журналист Амангелді Батырбековке қастандық жасады деп айыпталып, бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Отырар арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қылмыстық істер жөніндегі облыстық мамандандырылған ауданаралық сот осы қылмыстық іс бойынша күдікті шенеунікке және оның орындаушыларына қатысты үкім шығарды. Олар 2022 жылдың 4 қаңтарына қараған түні журналист Амангелді Батырбековке қастандық ұйымдастырған деген күдікке ілінген.

Алайда оқ журналистке емес, оның 31 жастағы ұлына тиеді. Оқ жарақатын алған жігіт ота жасатып, жансақтау бөлімінде жатады.

Телеарнаның хабарлауынша, аталған іс бойынша бес адам күдікке ілініп, барлығы қатаң жаза алды.

Олардың кінәсі толығымен дәлелденген. Олардың бәрі қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеу мерзімін алды. Экс-шенеунік 11 жыл 3 айға сотталды. Қалғандары 11 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998912-turkistan-oblysynda-zurnaliske-qastandyq-zasamaq-bolgan-seneunik-11-zylga-sottaldy/

pixel