Демалыс күндері елімізде 38 градусқа дейін аяз болуы ықтимал

Опубликовано:

Қар басқан орман
Қыстың күні. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Қазгидромет" мемлекеттік метеорологиялық қызметі алдағы демалыс күндері, яғни 26-28 қарашада ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігі суық арктикалық ауаға толы Солтүстік антициклонның ықпалында болады.

Антициклонның әсерінен республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасы күрт төмендеп, жауын-шашын тоқтайды.

Ал еліміздің оңтүстігі және оңтүстік-шығысында ауа райы тұрақсыз болады яғни жауын-шашын күтіледі.

26 қарашада шығыста, 26-27 қарашада оңтүстік-шығыста қалың қар жаууы ықтимал.

Жалпы, демалыс күндері республика бойынша тұман, шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста желдің күшеюі (секундына 15-28 метрге дейін), шығыста бұрқасын, оңтүстік және оңтүстік-шығыста көктайғақ күтіледі.

Сонымен қатар синоптиктер демалыс күндері еліміздің бірнеше өңірінде ауа температурасы күр төмендейтінін болжап отыр. Мәселен:

  • батыста түнде -5...-15 градусқа дейін;
  • 26-27 қарашада солтүстік-батыста -20...-30 градусқа дейін;
  • солтүстікте -23...-36 градусқа дейін;
  • орталықта -17...-34 градусқа дейін.
  • 27-28 қарашада шығыста -27...-38 градусқа дейін;
  • 27-28 қарашада оңтүстік пен оңтүстік-шығыста -5...-15 градусқа дейін, таулы аймақтарда -15...-20 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998938-osy-demalys-kunderi-elimizde-38-gradusqa-deiin-ayaz-boluy-yqtimal/