Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада ауа райына байланысты екінші ауысымда оқитын оқушылардың сабағы қысқартылды

Опубликовано:

оқушы
Оқушы.Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымда оқитын оқушылардың сабағы қысқартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық білім басқармасы мектептерде сабақ тоқтатылмайтынын, бірақ оларды қысқарту туралы шешім қабылданғанын атап өтті.

"Екінші ауысымдағы сабақтар қысқартылады. Балалар қараңғы түспей тұрып, үйге жіберіледі. Оларды ата-аналары алып кетуі керек. Қазіргі алгоритм бойынша күндізгі сағат 12 кезіндегі ауа райы болжамы ескеріледі. Ол кездегі параметрлер бойынша қашықтан оқытуға көшу мүмкін емес. Сондықтан балалар қараңғы түспей, үйлеріне жету үшін екінші ауысымдағы сабақтарды қысқарту туралы шешім қабылданды", – деп түсіндірді ведомстводан.

Сондай-ақ елордалық ТЖД өкілдері Instagram желісіндегі ресми аккаунтында Астана тұрғындарына үндеу жасады.

Олар ауа райының күрт нашарлауына байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарын қала сыртына шықпауға және жолда сақ болуға шақырып отыр.

Синоптиктердің болжамынша, 25 қарашада Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде), бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с шамасында, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Айта кетейік, бұған дейін алдағы демалыс күндері ел аумағында 38 градусқа дейін аяз күтілетінін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1998977-astanada-aua-raiyna-bailanysty-ekinsi-auysymda-oqityn-oqusylardyn-sabagy-qysqartyldy/

pixel