Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының Медеу шатқалына автобус жиі қатынайтын болады

Опубликовано:

автобус салоны
Автобус салоны. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматының әйгілі Медеу шатқалына қатынайтын автобус жиірек жүретін болады. Бұл туралы қала әкімдігі Telegram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

"Тау-шаңғы маусымының ашылуына байланысты 26 қарашадан бастап №12 туристік маршрут жұмысы күшейтіледі. Енді бұл маршрут бойынша 10 минуттық интервалмен демалыс күндері 20, жұмыс күндері 16 автобус қызмет көрсетеді", - деп хабардар етті Алматы қалалық мобилділік басқармасы.

Әкімдік №12 автобус Алматы-2 темір жол вокзалынан шығып, Абылай хан даңғылымен жоғары көтеріліп, Абай даңғылымен жүріп, Медеу мұз айдынына дейін баратынын атап өтті.

Медеуден соңғы автобус түнгі сағат 00:30-да шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999007-almatynyn-medeu-satqalyna-aparatyn-avtobus-zii-qatynaityn-boldy/

pixel