Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда қабір қоршауларын ұрлаған күдікті ұсталды

Опубликовано:

Қабір
Қабір. Фото: pexels.com

Талдықорғанда полицейлер қабір қоршауларын ұрлады деген күдікпен 42 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Қазір сот ер адамға қатысты "қамаққа алу" санкциясын берген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, ер адамның Еңбек және Еркін ауылдары маңындағы зираттарда, сонымен қатар "Шайқорған" саяжай алабы мен жергілікті әуежай маңындағы жерлеу орындарында "іздерін" қалдырғанын анықтаған.

"Ұсталған адам бұрын тонау бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Ұрланған қоршаулардың бір бөлігін облыс орталығындағы сынықтарды қабылдау пункттерінен табылды. Сондай-ақ күдіктінің бұрын ұсталған зират ұрылар тобының құрамында бірнеше рет әрекет еткені анықталды. Қылмыстық топтың үш мүшесі әзірге 20-дан астам қабір қоршауын ұрлады деп күдіктелуде", - деді Талдықорған полиция басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі Елжас Тұрсынбай.

Полиция мәліметінше, қалалық сот күдіктіге "қамаққа алу" санкциясын берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999097-taldyqorganda-qabir-qorsaularyn-urlagan-kudikti-ustaldy/

pixel