Бүгін еліміздің ірі қалаларында қандай ауа райы күтіледі
Опубликовано:

Қазгидромет РМК сейсенбі, 29 қарашаға арналған еліміздің үш ірі қаласы - Алматы, Астана және Шымкенттегі ауа райына болжам ұсынды.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, бүгін Алматыда жауын-шашын болмайды, ауа температурасы -1 градустан +1 градусқа дейін ауытқиды, желдің жылдамдығы секундына 2-7 метрге дейін жетеді.
Астанада да жауын-шашын күтілмейді. Мұнда термометр бағанасы -12 -14 градусты көрсетеді. Елордада желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін күшейеді.
Шымкентте қар аралас жаңбыр жауады деп күтілуде, мұнда ауа температурасы +6...+8 градус болады. Қала тұрғындарына желдің екпіні 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с күшейетіні ескертіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999309-bugin-elimizdin-iri-qalalarynda-qandai-aua-raiy-kutiledi/