Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкімдіктер қорытынды шығаруы керек": Смайылов жылусыз қалған Екібастұз мәселесіне қатысты тапсырма берді

Опубликовано:

жылу
Жылу жүйесі. Көрнекі фото: pixabay.com

Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов Екібастұздағы апатқа байланысты министрліктерге бірқатар тапсырма берді. Апат салдарынан қала жылусыз отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлихан Смайылов Екібастұзды жылумен қамтуды қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыру керегін айтты.

"Апаттың барлық себебін жою қажет. Қыс әлі түскен жоқ, бірақ төтенше жағдай жарияланып үлгерді. Сондықтан осыдан барлық әкімдіктер қорытынды шығаруы керек", - деді премьер-министр.

Ол Энергетика министрлігіне Индустрия министрлігімен бірлесіп, "Екібастұзтеплоэнерго" кәсіпорнындағы техникалық ақауды тексеруді тапсырды. Сондай-ақ Энергетика және өнеркәсіп министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп, өңірлердегі энергетика нысандарына толық техникалық аудит жүргізіп, үкіметке ақпарат ұсыну тапсырылды.

"Жылыту маусымы басталғанға дейін жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасы тексерілсін. "Тәуекелді" нысандардың жабдықтары мен инфрақұрылымына ерекше назар аударылсын. Бұл нысандардың иелерімен жылу-энергетикалық жабдықтардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету туралы келіссөздер жүргізу қажет", - деді үкімет басшысы.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов ұлттық экономика, энергетика және индустрия министрліктеріне әкімдіктермен бірлесе отырып, "Инвестицияға айырбас тарифі" бағдарламасы аясында коммуналдық кәсіпорындардың әрбір өтінішін егжей-тегжей зерделеуді тапсырды.

"Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға және жөндеуге бөлінген қаражаттың нақты мақсатты жұмсалуын қатаң бақылауға алу қажет. Әкімдер жылу беру маусымы мәселесін тұрақты жеке бақылауында ұстасын", - деп түйіндеді сөзін премьер-министр.

Еске сала кетейік, Екібастұзда жексенбі, 27 қарашаға қараған түні ЖЭО-да төрт қазандық тоқтап, қалаға жылу беру тоқтаған болатын. Энергетика министрлігі жылу желілерінде желілік судың қысымы төмендегенін, соның салдарынан ыстық су қазандықтары тоқтатылғанын хабарлады.

Келесі күні Екібастұздағы жылу электр орталығында болған апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999355-akimdikter-qorytyndy-sygaruy-kerek-smaiylov-zylusyz-qalgan-ekibastuz-maselesine-qatysty-tapsyrma-berdi/

pixel