Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамара Дүйсенова Қазақстанда қанша ресейлік азамат қалғанын айтты

Опубликовано:

Паспорт және мөр
Шетел төлқұжаты. Көрнекі фото: pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова үкімет отырысынан соң журналистердің сұрағына жауап беріп, қазіргі сәтте Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тамара Дүйсенова статистикалық деректерді ұсынды.

"Егер еңбек мигранттары туралы айтар болса, өткен жылды қоса есептегенде 22 мың шетелдік азамат елімізде жұмыс істеп жатыр. Олар зейнетақы төлемдерін де ұмытпай, жіберіп отыр", - деді министр.

Сондай-ақ, ол Ресейдегі ішінара мобилизациядан соң Қазақстанға келген ресейліктер туралы мәліметті де бөлісті.

"Жедел ақпарат бойынша, 400 мыңнан сәл асатын ресейлік азамат Қазақстанға келген. Елімізден 320 мыңнан аса ресейлік шығып кетті. 100 мыңға жуық ресейлік әзірге осында", - дейді Дүйсенова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999391-tamara-duisenova-qazaqstanda-qansa-reseilik-azamat-qalganyn-aitty/

pixel