Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аязға байланысты бес өңірде рейстік автобустардың жолға шығуына тыйым салынды

Опубликовано:

Аяз
Көрнекі фото: pixabay.com

Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты еліміздің бес өңірінде жолаушылар автобусы мен дизель отынымен жүретін көлік түрлерінің қозғалысына шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Қазавтожол ҰҚ Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты (-32ºС) рейстік жолаушылар автобусы мен дизельдік отынмен жүретін автокөліктер үшін шектеу енгізілді.

Абай облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты (-32ºС) рейстік жолаушылар автобусы мен дизельдік отынмен жүретін автокөліктер үшін жол қозғалысы шектелді.

Жетісу облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты Алматы-Өскемен тас жолының 558-615 шақырымында Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейінгі учаскесінде рейстік жолаушылар автобусы мен дизельдік отынмен жүретін автокөліктер үшін жол жабылды.

Павлодар облысында Абай облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты Омбы-Майқапшағай тасжолының 426-587 шақырымында Павлодар қаласынан Абай облысының шекарасына дейінгі учаскесінде рейстік жолаушылар автобусы мен дизельдік отынмен жүретін автокөліктерге жолға шығуға тыйым салынды.

Қарағанды облысында Қарағанды-Аягөз-Бұғаз автожолының 249-320 шақырымында Бүркітті кентінен Абай облысы ауданының шекарасына дейінгі аумақта рейстік жолаушылар автобусы мен дизельдік отынмен жүретін автокөліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999470-ayazga-bailanysty-bes-onirde-reistik-avtobustardyn-zolga-syguyna-tyiym-salyndy/

pixel