Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: "Мисс Қазақстан" қатысушының неден қайтыс болғаны туралы болжам айтылды

Опубликовано:

Наталия Стешенко
Наталия Стешенко. Фото: instagram.com/nata_stesha

Белгілі саясаткер әрі Ресей мемлекеттік думасының бұрынғы депутаты Владимир Семаго әйелі Наталия Семагоның қайтыс болуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды MK сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодар тумасы әрі 2000 жылғы "Мисс Қазақстан" байқауының қатысушысы Наталия Семагоның (Стешенко) өз үйінен өлі күйінде табылғаны хабарланған еді.

Басылым ұсынған мәліметтеріне сүйенсек, Наталия қайтыс болар алдында 10 жасар ұлымен бірге кафеде тамақтанған. Үйге келген соң өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Дәрігерлер актрисаның жақындарына оның тромбы жарылып кеткенін хабарлаған.

Басылымның дерегінше, соңғы кездері Наталия басының жиі ауыратынына, қан қысымының төмендеп кеткенін шағымданған.

Айта кетейік, Наталья Стешенко Герасимов атындағы бүкілресейлік мемлекеттік кинематография университетін бітіргеннен кейін Мәскеудің "Луна" театрында жұмыс істеген.

Сонымен қатар актриса "Инспектор Купер" және "Лига обманутых жен" сериалдарында түсіп, "Лига обманутых жен" сериалында басты рөлді сомдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999518-baq-miss-qazaqstan-qatysusynyn-neden-qaitys-bolgany-turaly-bolzam-aityldy/

pixel