Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қолынан әмиянын алып кеткен": Рудныйда дәріханада болған ұрлық видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Ұрлық жасалған сәт
Ұрлық жасалған сәт. Видеодан кадр: polisia.kz

Рудныйда полиция қызметкерлері тонау дерегіне қатысты екі қылмысты ашты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық порталдың жазуынша, 29 қарашада Рудный қаласының полициясына белгісіз ер адамның дәріханада әйелдің қолынан әмиянын алып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Кейін күдіктінің көшеде тағы бір зейнеткердің қолынан азық-түлік сөмкесін жұлып алғаны анықталған. 

"Полицияның барлық нарядтары қылмыстарды ашуға бағытталды. Криминалдық полиция қызметкерлері 35 жастағы күдіктіні Рудный қаласының пәтерлерінің бірінде ұстады. Ұрланған заттар ішінара иесіне қайтарылды", – дейді Рудный қалалық полиция басқармасының бастығы Болат Иманов.

Полицияның мәліметінше, ұрланған әмияндағы 11 мың теңгені күдікті жұмсап үлгерген. Қазіргі уақытта аталмыш фактілер бойынша 191-баптың 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Күдікті қамауға алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999537-qolynan-amiyanyn-alyp-ketken-rudnyida-darixanada-bolgan-urlyq-videoga-tusip-qaldy/

pixel