Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Атырау іргесіндегі елдімекенде жүрген жабайы қабандардың видеосы тарады

Опубликовано:

Ауылда жүрген қабандар
Ауылда жүрген қабандар. Видеодан кадр: Youtube/Атырауда

Желіде Атырау қаласының іргесіндегі Еркінқала ауылында емін-еркін жүрген қабандардың видеосы тарады. Бұл видеоға қатысты Атырау облыстық жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Нұрлан Иманғалиев пікір білдірді, деп хабарлайды Ақжайық басылымы.

Бас маманның айтуынша, жабайы қабандар ауылға "Ақжайық" резерватынан келуі мүмкін.

"Бұл елдімекеннің жанында "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты орналасқан. Жануарлар сол резерваттан Жайық өзені арқылы жүзіп шыққан болуы мүмкін деп ойлаймыз. Жергілікті округ әкімімен бірге ауылды аралап шықтық. Жануарлар ауылға кіріп, кері қашып кеткен. Тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ. Жалпы, қабандар – қауіпті жануарлар. Қабандар адамнан қорыққанымен, сақ болу керек", - дейді Нұрлан Иманғалиев.

Оның сөзінше, мұндай жағдай 80-жылдары болған. Алайда одан кейін қабандардың ауылға кіргені байқалмаған.

Басылымның жазуынша, сондай-ақ әлеуметтік желіде қабандарды әлдекімнің атқаны туралы сурет тараған. Бірақ Нұрлан Иманғалиев бұл ақпаратты жоққа шығарған.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999646-zelide-atyrau-irgesindegi-eldimekende-zurgen-zabaiy-qabandardyn-videosy-tarady/

pixel