Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үкімет басшысы Екібастұз қаласына келді

Опубликовано:

Әлихан Смайылов Екібастұз қаласына келді
Әлихан Смайылов Екібастұз қаласына келді. Фото: Үкіметтің Telegram-арнасы

Еліміздің премьер-министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына келді, деп хабарлайды үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасы.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, премьер-министр бірінші кезекте қалалық ЖЭО-ға барған.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов жылу желілеріндегі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысады.

Еске сала кетейік, 27 қарашада Екібастұздағы жылу электр орталығында бір қазандық, кейін тағы үшеуі істен шығып, салдарынан қала тұрғындары жылусыз қалған еді.

Апат болған жерге дереу облыс әкімі келіп, жедел штаб құрылды.

Сондай-ақ мемлекет басшысы жылу электр орталығында апатқа байланысты үкімет пен облыс әкімдігіне тапсырма берді. Сонымен қатар президент мұндай жағдайға жол берген адамдарды жауапқа тартуды тапсырды.

28 қарашада Екібастұзда жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Жылу магистралін жөндеуге қалаға өзге өңірлерден бригадалар келді.

Бұдан бөлек жылу электр орталығында апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999648-ukimet-bassysy-ekibastuz-qalasyna-keldi/

pixel