Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұздағы күштік құрылым колоннасы туралы желіде тараған видеоға полиция пікір білдірді

Опубликовано:

Полиция көлігі
Полиция көліктері. Видеодан кадр: instagram.com/choose_true_or_false

Әлеуметтік желіде Екібастұзға әскерилер колоннаның келгені жөнінде видео тарады. Павлодар облысы полиция департаменті аталған бейнежазбаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желіде тараған видеода "Екібастұзға полиция қызметкерлерінің колоннасы келді" деп жазылған.

Павлодар облысы полиция департаменті өкілдері видеода күнделікті нұсқаулықтан кейін шаһар көшелерінде қоғамдық тәртіпті күшейту мақсатында Екібастұз қаласының тәртіп сақшылары өз қызметтеріне кіріскендігі көрсетілген деп мәлімдеген.

Еске салсақ, 27 қарашада Екібастұз қаласындағы ЖЭО-дағы апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған еді. Кейін қалада төтенше жағдай жарияланды.

Кеше оқиғаның мән-жайымен танысу үшін үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың өзі қалаға барған. Ол онда апаттың не себепті болғанын айтты.

Сондай-ақ бүгін президент жарлығымен Павлодар облысының бұрынғы әкімі Әбілқайыр Сқақовты қызметінен босатылып, Олег Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы қызметіне тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999736-ekibastuzdagy-kustik-qurylym-kolonnasy-turaly-zelide-taragan-videoga-qatysty-policiya-pikir-bildirdi/

pixel