Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде жаңа ұялы байланыс операторы пайда болуы мүмкін

Опубликовано:

ұялы телефон
Ұялы телефон ұстаған адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Қазақтелеком" құрамынан бір оператор шығарылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Басылымның хабарлауынша, Бағдат Мусин сенаттың жалпы отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында тілшілердің ұялы байланыс операторлары интернет тарифтерін неге көтеріп жатқанынына қатысты сұрағына жауап берген.

"Бәскелестік орта әділетті тарифтер мен сапалы интернетті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сондықтан министрлік құзырлы орган ретінде тиісті заңдарды даярлауы керек. Яғни депутаттармен талқылап, сол заңдарды қабылдау маңызды болып тұр. Осы орайда әділетті тариф болатынына сенемін", - деді министр.

Сонымен бірге ол "Қазақтелеком" құрамынан бір оператор шығарылатынын атап өткен.

"Монополиясыздандыру комиссиясында да осы мәселені көтердім. Біздің нарыққа басқа да операторларды кіргізу керек. Сондықтан Үкімет басшысының деңгейінде бұл мәселені талқылып, "Қазақтелеком" мен "Самұрық-Қазынаға" тиісті іс-шараларды пысықтауды талап ретінде қойдық. Яғни, бір операторды "Қазақтелекомның" ішінен шығарып, нарықтық ортада басқа бизнесмендерге беру керек екенін айтып отырмыз. Олар бұл бағытта жұмыс істеп жатыр. Келер жылдың басында өтетін комиссия отырысында атқарып жатқан жұмыстарын баяндайтын болады", - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999741-elimizde-zana-uyaly-bailanys-operatory-paida-boluy-mumkin/

pixel