Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбылдағы жарылыс кезінде жоғалған сержант Бауыржан Дәуітбаевты жақындары соңғы сапарға шығарып салды (видео)

Опубликовано:

Бауыржан Дәуітбаев
Бауыржан Дәуітбаев. Фото: instagram.com/aibat__kz

Былтыр Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыстан кейін із-түзсіз жоғалған сержант Бауыржан Дәуітбаевты жақындары мен туыстары ақтық сапарға шығарып салды. Бұл туралы Instagam-дағы KYN парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Айта кетелік, Бауыржан Дәуітбаевтың өлі не тірі екенін білместен, жақындары бір жыл бойы тоқтаусыз іздеді.

Бүгін Қорғаныс министрлігі кіші сержанттың сүйегінің қалдықтары табылғанын мәлім етті.

Молекулярлық-генетикалық сараптама оның Бауыржан Дәуітбаевқа тиесілі екенін көрсеткен. Жоғалған әскери қызметкердің сүйегінің қалдықтары мен қандас туыстарының ДНК талдаулары толығымен сәйкес келген.

Еске сала кетейік, 2021 жылы 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінің маңынан өрт шығып, жарылыс болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999761-zambyldagy-zarylysta-zogalgan-serzant-bauyrzan-dauitbaevty-zaqyndary-songy-saparga-sygaryp-saldy-video/

pixel