Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұңғыш президент күні Қазақстанда кәсіби мерекелерге теңестірілді

Опубликовано:

күнтізбе
Күнтізбе. Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде Тұңғыш президент күні мерекелер тізіміне қосылды. Мұндай шешім үкіметтің биылғы 28 қарашадағы қаулысымен бекітілген, оның мәтіні "НҚА электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде" жарияланды.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 44-1-тармақпен толықтырылсын: "44-1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні – 1 желтоқсан", – деп жазылған қаулыда.

Құжаттың екінші пунктінде қаулы қол қойылған күннен, яғни 2022 жылғы 28 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетіні айтылған.

Енді 1 желтоқсан еліміздегі кәсіби мерекелер секілді мерекелік күн болып табылады. Алайда, бұл күн мемлекеттік мерекеге жатпайтындықтан, сәйкесінше демалыс күні болып саналмайды.

Еске сала кетейік, биыл қыркүйек айында мәжіліске Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауға бағытталған заң жобасы ұсынылған еді.

Сол айдың соңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қойды. Оған сәйкес, Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тасталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999789-tungys-prezident-kuni-qazaqstanda-kasibi-merekelerge-tenestirildi/

pixel