Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ОМОН-ды жамбасқа лақтырып жатты": Қаңтар оқиғасының куәгері бүлікшілердің дайындығы мықты болғанын айтты

Опубликовано:

Қаңтар оқиғасына қатысқан 104 адам сотталды
Қаңтар оқиғасы. Фото: Владимир Третьяков, NUR.KZ

Қаңтар оқиғасының куәгері Берікқазы Әлимұхаметов ел тарихындағы ең ірі бүлікті ұйымдастырушылардың әбден дайындықтан өткенін айтты. Бұл туралы ол Алматы арнасындағы "Қайғылы қаңтар. Бүлік басы" деректі фильмінде мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Берікқазы Әлимұхаметовтың ойынша, 2022 жылғы қаңтардың басында болған қайғылы оқиғаны белгісіз біреулер басқарып отырған.

"Алғашында олар полиция қызметкерлеріне тас, брусчатканың сынығын лақтыра бастады. Көшедегі адамдар сәл тыныштала бастаса, оларды қайтадан көтеріп жіберетін бір адамдар болды. Дайындалғандары көрініп тұр. Тәртіп сақшыларын ұрып, қолдарындағы қалқан мен дубинкаларды, каскаларын тартып алды. Құлап қалғандарын арыққа тастап, үстіндегі киімдерін шешіп, өздері кигенін көрдім. "Жаңаөзенді қолдаймыз" деген лозунгпен жүре бердік", – дейді ол.

Сондай-ақ Әлимұхаметов бүлікшілердің денелі жігіттерден жасақталғанына тоқталды.

"Қара куртка киген жас балалардың қолында рация болды. Бұл қайдан болды деген сұрақ туды менде. Полицейлерден тартып алған шығар деп ойладым. Рация арқылы бір-бірімен сөйлесіп, бәрін басқарып отырды. Тағы бір айта кететін жайт – олардың ірі, денелі болғаны. Әдетте, ОМОН-ға алынған жігіттер ірі болады ғой. Ал олар ОМОН-дарды лақтырып, қазақша айтатын болсақ, жамбасқа салып жатты. ОМОН-дарды ұшырып жіберді", – дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999813-omon-dy-zambasqa-laqtyryp-zatty-qantar-oqigasynyn-kuageri-buliksilerdin-daiyndygy-myqty-bolganyn-aitty/

pixel