Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде келер жылдан бастап дәрігерлердің жалақысы 530 мың теңгеге дейін көтеріледі

Опубликовано:

Дәрігер
Дәрігер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда 2022 жылы дәрігерлердің жалақысы орта есеппен – 30, орташа медицина персоналының еңбекақысы шамамен 20 пайызға көтерілген, деп хабарлайды Қазақпарат.

Басылымның мәліметінше, келер жылдан бастап дәрігерлердің жалақысы да тағы да көтерілмек.

"Келесі жылы дәрігерлерге жалақыны орташа есеппен 531 мың теңгеге дейін, орта медицина персоналына 250 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланған. Сонымен бірге медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін және медицина қызметкерлерінің мәртебесін сақтандыру жүйесін енгізу үшін тиісті заң жобасы әзірленді. Ол мәжіліске енгізілді, депутаттардың қарауында", - деп түсіндірген сенаттағы үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Сонымен бірге ол Қазақстанда 3 900 дәрігер жетіспейтінін атап өткен.

"Кадр мәселесі ерекше назарда. Республика бойынша кадр тапшылығы дәрігерлер арасында - 3 900 маман. Өткен жылы үш мыңнан астам жас түлек жұмысқа орналастыруға жіберілді, оның 630-ы – ауылды елдімекендерде.

Биыл 1 872 жас түлектің 441-і ауылдарға жіберілді. Келесі жылға 11 мыңнан астам маман дайындап жатырмыз. Қазір мамандар бар көп жерде әлеуметтік қолдау көрсетілмейді. Үй, көтеріңкі жәрдемақы мәселесін көтеріп жатырмыз. Әсіресе, ауылға баратын дәрігерді ынталандыру қажет", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1999918-elimizde-keler-zyldan-bastap-darigerlerdin-zalaqysy-530-myn-tengege-deiin-koteriledi/

pixel