Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19 жұқтырған жеті қазақстандықтың жағдайы ауыр

Опубликовано:

Сынамалар
Көрнекі фото: Amilcar Orfali/Getty Images

3 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда 1303 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 176 науқас стационарда ем қабылдауда, деп хабарлайды еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты.

Министрліктің хабарлауынша, 3 желтоқсан, сенбі күнгі мәлімет бойынша 1 303 адам коронавирус инфекциясынан (–1 116+ және 187 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 176 науқас стационарда емделсе, 1 127 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Коронавирустық инфекцияға шалдыққандардың арасында:

  • 7 адамның жағдайы ауыр,
  • 3 науқастың жағдайы өте ауыр,
  • 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Еске салсақ, Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният "Цербер" штамының белгілері жайлы айтқан болатын.

Сонымен қатар, министрлік басшысы қазақстандықтарға вакцинаның қанша түрі қолжетімді екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000012-covid-19-zuqtyrgan-zeti-qazaqstandyqtyn-zagdaiy-auyr/

pixel