"Үшарал – Достық" тас жолында екі жүк көлігі аударылып қалды (видео)
Опубликовано:

Жетісу ауданында орналасқан "Үшарал – Достық" тас жолының учаскесінде екі ауыр жүк көлігі аударылып қалды. Бұл жағдайға полицейлер түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оқыс оқиға туралы kris_p_tdk Instagram парақшасында белгілі болды. Жазба авторлары оқиға орнынан видео жариялады.
Посттың астындағы түсініктемеде облыс полицейлері оқиғаның Үшарал – Достық жолының 60-тан 120-шы шақырымына дейінгі учаскеде жүк және жолаушылар тасымалына қозғалысқа шектеу қойылған кезде болғанын айтады.
"Екі жүргізушінің де аты-жөні анықталды, олар аман-сау. Көліктер жатқан жерінен көтерілді, олар бағыт бойынша жүруді жалғастыруда. Бүгінде ауа райына байланысты жағдай тұрақты", – деп қосты Жетісу облысының полиция департаменті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000036-usaral-dostyq-tas-zolynda-eki-zuk-koligi-audarylyp-qaldy-video/