Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда қалған 11 тұрғын үй жылу жүйесіне қашан қосылады: жедел штаб жауап берді

Опубликовано:

Жұмысшылар Екібастұздағы апат орнында
Жұмысшылар Екібастұздағы апат орнында. Фото: t.me/KZgovernment

Төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штаб Екібастұз қаласындағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады, деп жазады үкіметтің ресми Telegram арнасы.

4 желтоқсан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша 11 үйдің жылу желілері жөнделуде.

Пәтерлерде жылу беруді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылу жүйесіне қосылуға дайын үйлерде құбырлар мен радиаторлар ауыстырылуда. Сонымен қатар сумен және жылумен жабдықтау жүйелерін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетейік, Екібастұзда барлығы 689 көп қабатты үй бар. 11 үйге күннің соңына дейін жылу беру жоспарланып отыр. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 500-ге жуық адам жұмылдырылды. Ал күні кеше үкімет 19 тұрғын үй әлі жылусыз отырғанын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000064-ekibastuzda-qalgan-11-turgyn-ui-zylu-zuiesine-qasan-qosylady-zedel-stab-zauap-berdi/