Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында 3 жасар баланың, әйел мен ер адамның мәйіті табылды

Опубликовано:

pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com

Абай облысында үш жасар баланың, әйел мен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметіне сүйенсек, 28 қарашада Жарма АПБ "102" арнасына Терістаңбалы ауылының тұрғындары 57 жастағы ер адам мен 56 жастағы әйелдің, 3 жасар баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

Олардың денесінде зорлық белгілері анықталған жоқ. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тиісті тергеу амалдары басталды.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. ҚПК-ның 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000071-abai-oblysynda-3-zasar-balanyn-aiel-men-er-adamnyn-maiiti-tabyldy/

pixel