Астанада тұрғын үйлердің бірінде балкон өртеніп, 16 адам эвакуацияланды
Опубликовано:

Бүгін таңертең астанадағы "Barys City" тұрғын үй кешенінде өрт болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Астана бойынша ТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖД мәліметіне сүйенсек, бүгін, 4 желтоқсан күні сағат 08:28-де елордалық өрт сөндіру қызметіне Тұран даңғылындағы "Barys City" тұрғын үй кешенінде өрт басталғаны туралы ақпарат түскен.
"Өрт сөндірушілер келіп жеткен уақытта екінші қабатта балкон өртеніп, түтін басқаны анықталды", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайға байланысты 16 адам эвакуацияланды. Оның ішінде алты бала бар. Сағат 09:10-да өр сөндірушілердің көмегімен өрт оқшауланды. Төтенше жағдайдан қаза тапқандар жоқ. Өрт сөндіруге жеке құрамның 12 адамы, 3 техника бірлігі жұмылдырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000074-astanada-turgyn-uilerdin-birinde-balkon-ortenip-16-adam-evakuaciyalandy/