Қар мен аяз: Бүгін еліміздің мегаполистерінде ауа райы қандай болады
Опубликовано:

Синоптиктер бүгін, 5 желтоқсан күні еліміздің ірі қалалары – Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты. Деректер "Қазгидромет" РМК синоптиктері ресми сайтында хабарланды.
Мамандардың болжамынша, дүйсенбі күні Алматыда қар жаууы мүмкін. Күндіз термометрлер -3 пен -5 градусты көрсетеді. Жел жылдамдығы секундына 0-ден 5 метр болмақ.
Астанада синоптиктер күндіз -19-дан -21 градусқа дейін қатты аяз болады деп уәде береді. Жауын-шашын күтілмейді, көшпелі бұлт шығуы мүмкін. Желдің жылдамдығы – 3-тен 8 м/с көрсетеді.
Шымкент тұрғындарына қар жауатыны ескертіледі. Ауа температурасы -2 мен -4 градус аралығында болады. Жел жылдамдығы секундына 8-13 м жетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000096-qar-men-ayaz-elimizdin-megapolisterin-qandai-aua-raiy-kutedi/