Астанада бірінші ауысым студенттері қашықтан оқуға көшті
Опубликовано:

Сейсенбі, 6 желтоқсанда Астанадағы бірінші ауысымда оқитын барлық мектеп оқушылары мен колледждердің 1 және 2 курс студенттерін қашықтан оқытуға жіберу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды қалалық Білім басқармасының Instagram парақшасы.
Ведомствоның түсіндіруінше, қаладағы ауа райының нашарлауына байланысты мектептердің 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1 және 2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына көшуде.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, ертең елордада күндіз 20-дан 22 градусқа дейін аяз күтіледі.
Айта кетейік, бүгін, 5 желтоқсанда қала билігі бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақты тоқтату туралы шешім қабылдап, кейін екінші ауысымдағы 0-6 сынып оқушылары да қашықтан оқытуға жіберілген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000260-astanada-birinsi-auysym-studentteri-qasyqtan-oquga-kosti/