Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда тоғыз жасар қыз жоғалып кетті

Опубликовано:

Айша Тимур
Айша Тимур. Фото: Т.me/POLICE_of_KZ

Алматының тәртіп сақшылары таңертең сабаққа кетіп, қайта оралмаған 9 жасар қызды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады, деп жазады Polisia.kz Telegram арнасы.

Бүгін таңғы сағат 07:40-та Сейфуллин даңғылындағы үйден Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы мектепке кеткен 9 жасар Айша Тимурға іздеу жарияланды.

Баланың белгілері: арық денелі, шашы қара түсті. Айша қызғылт күртеше, мектеп юбкасы, қара етік және көк қалпақ киген. Сөмкесі қызыл түсті.

Жоғарыда оқушының фотосы берілген.

"Алматы қалалық полициясы жоғалған қыз баланың қайда екені немесе оған қатысты басқа да мәліметтер туралы білетіндердің барлығын дереу мына телефондар арқылы хабарлауға шақырады: 298-54-02; 8-702-730-07-08 немесе 102", – делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000386-almatyda-togyz-zasar-qyz-zogalyp-ketti/

pixel