Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ауыл әкімі бір отбасын қайғылы оқиғадан құтқарып қалды

Опубликовано:

Газ баллондары
Газ баллондары. Көрнекі фото: Рixabay.com

Шеңгелді ауылдық округінің әкімі Мақсат Жазиев жанып жатқан үйден газ баллонын алып шықты. Оқиға бүгін, 6 желтоқсан күні таңертең болды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің ресми Instagram парақшасы.

Әкімдіктің хабарлауынша, Мақсат таңертең жұмысқа бара жатып, "тілсіз жау" шарпыған үйді көріп, бірден көмекке жүгірген.

Қызыл жалынға оранған үйден ол газ баллонын алып шығады. Әкімнің сөзінше, оған сол маңнан өтіп бара жатқан жігіт көмектескен. Содан олар өрт сөндірушілер келгенге дейін отпен арпалысып, оған су шашады.

Үй иесі сын сағатта өз өмірін қауіпке тіккен әкімге ризашылығын білдіріп, рахмет айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000396-almaty-oblysynda-auyl-akimi-bir-otbasyn-qaigyly-oqigadan-qutqaryp-qaldy/