Тұман, көктайғақ: еліміздің төрт облысында дауылдық ескерту жарияланды
Опубликовано:

"Қазгидромет" РМК ресми сайтында ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның төрт облысында дауылдық ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, 7 желтоқсанда Қызылорда облысының оңтүстігінде, 8-9 желтоқсанда облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.
7 желтоқсанда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында да тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.
Сондай-ақ 7 желтоқсанда Түркістан облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында да тұман, көктайғақ күтіледі. Одан бөлек өңірде солтүстік-батыстан жел соғып, тау асуларында күші 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
7 желтоқсанда Қостанай облысының солтүстігінде де тұман күтілетінін айта кетейік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000408-tuman-koktaigaq-elimizdin-tort-oblysynda-4-oblysynda-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/