Алматыда жоғалған 9 жасар қыз бала аман-есен табылды
Опубликовано:

Еріктілердің көмегінің арқасында Алматыда бүгін таңертең жоғалып кеткен 9 жасар оқушы қыз аман-есен табылды. Бұл туралы IIM-нің Telegram-дағы POLISIA.KZ ресми жаңалықтар арнасы хабарлады.
Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полицияның бастығы Жанна Шонжанованың сөзінше, қыз бала троллейбустан табылған.
"Ол күні бойы қоғамдық көлікте жүрген болуы да мүмкін. Біз басқа жағдайларды міндетті түрде анықтаймыз. Ең бастысы - балада бәрі жақсы. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ата-анасына тапсырды.
Өз кезегінде Алматы қаласының полициясы қызды табуға жан-жақты көмек көрсеткен қамқор азаматтарға шексіз алғысын білдіреді", - дейді Жанна Шонжанова.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы полициясы таңертең сабаққа кетіп, қайта оралмаған 9 жасар қыз баланың іздестіріліп жатқанын хабарлаған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000411-almatyda-zogalgan-9-zasar-qyz-bala-aman-esen-tabyldy-video/