Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысының полициясы өлі аюмен суретке түскен ер адамның кім екенін анықтады

Опубликовано:

Өлі аюмен суретке түсіп тұрған ер адам
Өлі аюмен суретке түсіп тұрған ер адам. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Әлеуметтік желіде өлі аюды ұстап, фотоға түскен ер адамның суреті тарады. Бұған қатысты пікір білдірген Жетісу облысының полициясы суреттегі адамның кім екенін анықтағанын, аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ІІМ-нің Telegram-дағы POLISIA.KZ жаңалықтар арнасы.

Өлі аюмен суретке түскен ер адамның фотосын журналист Сандуғаш Дүйсенова Instagram парақшасында жариялап, тәртіп сақшыларынан суреттегі адамды табуды сұраған.

"Ауыл тұрғындары өлі аюды ұстап тұрған ер адамның суретін жіберді. Аңның аузы қан", – деп жазды ол желіде.

Журналистің жазбасына жауап берген Жетісу облысы полиция департаментінің өкілдері ақпараттың назарға алынғанын хабарлап, "Қызыл кітапқа" енген жануармен түскен ер адамның жеке басын анықтау үшін қажетті шаралар қолға алынғанын атап өтті.

Сондай-ақ полицейлер ақпарат Табиғат пен жануарлар дүниесін қорғаумен айналысатын мүдделі ведомстволарға жіберілгенін, іздестіру іс-шараларының нәтижелері туралы қосымша хабарланатынын айтты.

Бүгін құзырлы орган өкілдері өлі аюмен суретке түскен ер адамның кім екені анықталғанын хабарлады.

"Белгілі болғандай, фотосурет осы жылдың қыркүйек айында Ескелді ауданының тауларында түсірілген. Суреттегі адам 41 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам ұсталып, аудандық полиция бөліміне айғақ беру үшін жеткізілді.

Іс бойынша тергеу Қылмыстық кодекстің 337-бабына сәйкес ("Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған") жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық істі тергеуді облыстық полиция департаменті бақылауға алды", – деп хабарлады полиция өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000577-zetisu-oblysynyn-policiyasy-oli-ayumen-suretke-tusken-er-adamnyn-kim-ekenin-anyqtady/

pixel