Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"20 фигурант сотталды": ҰҚК ауқымды қылмыстық іс жайлы айтты

Опубликовано:

Күдіктіні ұстау сәті
Күдіктіні ұстау сәті. Видеодан кадр: ҰҚК

Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитеті 20 фигурантқа қатысты ауқымды қылмыстық іс жайлы айтты. Істің мән-жайын ведомство толығырақ ресми сайтында хабарлады.

ҰҚК-нің мәліметінше, ведомство 2022 жылдың шілде айында кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 млрд теңге сомасындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ уақыт бойы көмектесіп келген адамдарға қатысты ауқымды қылмыстық істі тергеуді аяқтаған.

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, заңға қайшы іс-әрекетке 300 адам (оның ішінде шетелдік азаматтар бар - ред.) және 500-ге жуық жалған компания мен 5 мың контрагент тартылғаны анықталған.

5 желтоқсанында Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотында осы іске қатысы бар деген күдікке ілінген 20 фигурантқа сот үкімі шыққан. Олар Қылмыстық кодекстің 216-бабы 3-тармағы және 28-245-бабы 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, әр түрлі мерзімге сотталған.

Ведомствоның хабарлауынша, аталған қылмысты тергеудің тәжірибесі Қазақстан Республикасындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың алгоритмін жасап шығаруға мүмкіндік берген.

"Жалпы алғанда, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қолданған шаралар оң әсер етіп, еліміздегі қаржыны заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру деңгейін төмендетуге жағдай жасалды", - дейді ведомство өкілдері. 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған бағыттағы жұмыс жалғасатынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000681-20-figurant-sottaldy-uqk-zansyz-qolma-qol-aqsa-ainaldyru-arnasynyn-zolyn-keskenin-xabarlady/

pixel