Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда полицейлер ер адамды өлімнен арашалап қалды

Опубликовано:

Ер адам
Ер адам. Фото: pexels.com

Оралда полицейлер ер адамды өлімнен арашалап қалды. Оқиға орын алған күні полиция бөлімшесіне кішкентай қыз хабарласып, отбасында жанжал болып жатқанын айтқан, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер ескі сарайда асылып тұрған ер адамды байқап, алғашқы көмек көрсетіп үлгерген.

"Оқиға орнына жедел түрде №4 учаскелік полиция пунктінің инспекторы Мирас Исатаев, қалалық полиция бөлімшесінің қызметкері Меделхан Жанарыс, полиция департаменті жедел қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы Ғаділбек Нұрмұханов аттанады.

Аталған мекенжайға келгенде, үйдің жанындағы ескі сарайда асылып тұрған ер азаматты байқап, дереу шешіп алып, алғашқы көмек көрсетеді", - деп хабарлады ведомства.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000774-oralda-policeiler-er-adamdy-olimnen-arasalap-qaldy/

pixel