Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында жұмыртқа бағасын негізсіз көтерді деген айыппен құс фабрикасына қатысты тергеу басталды

Опубликовано:

Жұмыртқа
Жұмыртқа. Фото: pexels.com

Қостанай облысында жұмыртқа бағасын негізсіз көтерді деген айыппен құс фабрикасына қатысты тергеу басталды. Фабриканың бәсекелестік туралы заң талаптарына қаншалықты қайшы әрекет еткені тергеу барысында анықталады, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Арна мәліметінше, кәсіпорын күзде өзге бәсекелестері 35 теңгеден сатқан жұмыртқаның көтерме құнын 45-47 теңгеге бағалаған.

Хабар 24 арнасының хабарлауынша, былтыр екі бірдей құс фабрикасының жұмысында кәсіпкерлік кодексін бұзу белгілері анықталған. Енді аталмыш құс фабрикасының бәсекелестік туралы заң талаптарына қаншалықты қайшы әрекет еткені тергеу барысында анықталатын болады.

"Заң бойынша тергеу үш ай жүргізіледі. Бір ескеретін жайт, біз соңғы инстанция емеспіз. Құқық бұзушылық табылған жағдайда материал сотқа жіберіледі. Егер бұзушылық анықталса, тапқан табысынан бес пайызы таза табысы тәркіленеді", - деді бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің басшысы Дастан Сәмен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000777-qostanai-oblysynda-zumyrtqa-bagasyn-negizsiz-koterdi-degen-aiyppen-qus-fabrikasy-tergeuge-alyndy/

pixel