Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ұрланған техникаларды анықтайтын сайт іске қосылды

Опубликовано:

Ноутбук, планшет және ұялы телефондар
Ноутбук және ұялы телефондар. Көрнекі фото: Рexels.com

Алматыда ұрланған техникаларды анықтайтын сайт іске қосылды. Жобаны қалалық прокуратура мен "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Телеарнаның мәліметінше, елімізде алғаш рет Urlangan.kz платформасы іске қосылды. Сайтты кеше, 8 желтоқсан күні Алматы қаласы прокурорлары мен Атамекен кәсіпкерлер палатасы ресми түрде таныстырған.

Сайтқа соңғы жылдары қала аумағында қолды болып, полицияға арызданған адамдардың 100 мыңнан аса құрылғысы енген. Оның арасында компьютер, телефон, электронды сағат сияқты техникалар бар.

"Қазіргі таңда сайттардан қолма-қол сатып алады. Сатып аларда, тауарды алдын ала тексеруге болады. Сонда ұрланған заттың сатылып кетпеуіне кедергі бола алады", – дейді қалалық прокуратураның ресми өкілі Нұрсұлтан Жиделбай.

Мамандар бұл қарапайым тұтынушыға ғана емес, тауарды қайта сататын кәсіпкерлерге де пайдалы деген сенімде. Өйткені, саудагерлер қолданылған техникалардың ұрланғанын өздері де білмей, бастары жиі дауға қалатын көрінеді.

"Ұрланған телефондар көп келеді. Сатып та үлгермейміз кейде. Полиция қызметкерлері келіп телефондарымызды алып кетеді. Ақшасыз да, телефонсыз да қаламыз. Бізге өте тиімді болды бұл программа", – дейді кәсіпкер Ильяр Асанов.

Жобаны жасаушылар Алматымен шектеліп қалмай бұл бағдарламаны ел аумағына да таратуды жоспарлап отыр. Сайтты өзге де ақпараттық базалармен біріктіру көзделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000787-almatyda-urlangan-texnikalardy-anyqtaityn-sait-iske-qosyldy/

pixel