Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"153 мың теңге": Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ақтөбелік тұрғынға мемлекет өтемақы төледі

Опубликовано:

Желтоқсан қатысушылары
Фото: Мұрағаттан

Ақтөбелік Дариға Есқалиева 1986 жылы Алматыдағы желтоқсан көтерілісінен қатысқаны үшін, моральдық шығын ретінде, мемлекеттен  1 млн теңге қаражат беруді талап етті, деп хабарлайды Диапазон басылымы.

Басылым ұсынған мәліметтерге сәйкес, шағымданушы 1986 жылы Алматыдағы әлемдік тілдер мемлекеттік университетінің 2 курсында оқыған. Кейін желтоқсан көтерілісіне қатысқаны үшін, әйел адамды жастардың жалпы одақтық коммунистік одағынан, кейіннен тіпті университеттен де шығарып бірген.

2021 жылы Алматы прокуратурасы әйелді саяси репрессия құрбаны деп танып, ақтап алған.

Ақтөбе соты тұрғынның шағым-талаптарын қанағаттандырған. Осылайша сот шешімімен қаржы министрі әйел адамға моральдық шығын ретінде, 153 мың теңге көлемінде қаржы төлеуге міндеттелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000944-153-myn-tenge-zeltoqsan-koterilisine-qatysqan-aqtobelik-turgynga-memleket-otemaqy-toledi/

pixel