Бүгін еліміздің мегаполистерінде ауа райы қандай болады
Опубликовано:

Синоптиктер бүгін, 10 желтоқсан күні еліміздің ірі қалалары - Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты. Деректер "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланды.
Бүгін Астанада жауын-шашын күтілмейді, дейді синоптиктер. Алайда күн бұлтты болмақ. Мамандардың дерегінше, елордада күндіз термометр -14...-16 градусты көрсетеді.
Алматыда 10 желтоқсанда секундына 0-5 метр жылдамдықпен жол соғуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы -8...-10 градусты құрайды деп күтіліп отыр.
Бүгін Шымкентте еліміздің басқа екі мегаполисіне қарағанда күн жылы болмақ. Мамандардың мәліметінше, қалада күндіз сынап бағанасы -1...-3 градусты көрсетеді. Сонымен қатар синоптиктер Шымкентте де жел соғатынын ескертті. Оның жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетуі мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000959-bugin-elimizdin-megapolisterinde-aua-raiy-qandai-bolady/