Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көлігінде арам ойын іске асырған": Туған қызын бірнеше рет зорлаған көкшетаулық азаматқа сот үкімі шықты

Опубликовано:

Сот
Сот балғасы. Көрнекі фото: pixabay.com

17 жастағы туған қызын бірнеше рет зорлаған Ақмола тұрғынына сот үкімі шықты. Қылмыскер 16 жылға темір торға тоғытылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Үкімді Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарған. Оған сәйкес, Көкшетау қаласының 43 жастағы тұрғыны 16 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қылмыскерге өмір бойы педагогикалық лауазымдар мен кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Сондай-ақ қыздың пайдасына 3 миллион теңге көлемінде өтемақы өндіріп алу туралы шешім қабылданды.

"Сот отырысы барысында сотталушы өз кінәсін жартылай мойындады, алайда тергеушілер жинаған мәліметтер оның қылмыс жасағанын толық дәлелдеді. Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларды сот қарастырған жоқ", - делінген хабарламада.

Басылым мәліметінше, алғаш рет әкесі жасөспірімді 2020 жылдың тамызында зорлаған. Ол уақытта қыз 17 жаста еді.

"Туыстарынан қайтып келе жатып, ер адам көліктің салонында өзінің арам ойын іске асырған. Қорыққан қыз бұны анасына айтпаған. Ұялған. Ал жазасыз қалған әкесі кейіннен өзінің сұмдық әрекетін тағы екі рет қайталаған. Үш айдан кейін, қараша айында қыз анасына оқиға туралы айтқан, ал ол полицияға хабарлады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2000962-koliginde-aram-oiyn-iske-asyrgan-tugan-qyzyn-birnese-ret-zorlagan-koksetaulyq-azamatqa-sot-ukimi-syqty/

pixel